Басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтері «Қоныс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады

19.07.2018

Қирататын жер сілкіну туралы аңыз бірнеше оқу учаскелерінде болды. Мәселен, ШҚО-ның 117 елдімекені сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Соңғы 6 жылда өңірде дүмпу күші 2-ден 5-ке дейін сезілетін 17 жер сілкіну оқиғасы тіркелген екен. Құрбандар мен қираған ғимараттар болған жоқ, алайда құтқарушылар азаматтардың тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік орган, азаматтық қорғау қызметтері өкілдерін қирататын ТЖ кезінде іс-қимыл алгоритмі мен дұрыс ден қоюға үйретуді мақсат еткен.

        Қазіргі таңда ШҚО-да сейсмикалық күшейтуд қажет ететін ондаған мың үйлер мен қоғамдық-өндірістік мақсаттағы объектілер анықталған. Объектілерді нығайтуға бағытталған бағдарламаны қаржыландыру 2022 жылға дейін  жүзеге асырылады. ҚР ІІМ ТЖК үнемі табиғи апатты болжау мәселелеріндегі ғылыми базаны нығайту туралы мәселені көтереді, ол қазіргі күні жаңарту мен жаңа жүйені енгізуді қажет етеді.

         «Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жаңа жол картасын жасау туралы тапсырма берілді, ондағы маңызды тармақтардың бірі – ғылыми база, біздің пысықтайтын сәттердің ғылыми қолдауы. Көз жұмып жұмыс істеу мүмкін емес, сондықтан да ғылыми базаны енгізу мәселесі өте өткір, ғылыми әлеуетті қаржыландыру мәселесі үнемі кейінге қалдырылуда. Оқымыстылар өкінішке орай зейнетке кетуде, жас мамандар осы салада тиісті деңгейді тиімді жұмыс жасай алмауда. Сондықтан да, осы ретте Білім беру және ғылым министрлігі бізді қолдаса қаржыландыру мәселесі орнынан жылжыр ма еді. Объективті болжам беретін институттар тиімділігін арттыру, тәжірибелік шараларды әзірлеу шығынды азайту үшін өз ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қандай да болмасын ірі жер сілкіну кезінде өкінішке орай шығындар болуы ықтимал, алайда біз оларды барынша азайтуға тырысуымыз керек» - деп атап өтті ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Талғат Нұрмағамбетов.

         Оқу-жаттығу сценарйіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында эпицентрі Өскемен қаласының шығысына қарай 5 шақырымдағы жер сілкіну тіркелген. Эпицентрдегі дүмпу күші 20 шақырым тереңдікте  7 баллды құрады. Төтенше жағдай салдарының ықтимал ауырлығына байланысты қалада «төтенше жағдай» енгізілді. Жер сілкіну салдарын жою үшін апат аймағына ҚР ІІМ ТЖК, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ Ұлттық Ұланның бөлімшелері келіп жетті.

         Зардап шеккендерге шатыр лагері жайылды.

         Көшірілетін халықты жинау, есепке алу және қауіпсіз аймаққа жөнелту бойынша іс-қимылдарды пысықтау бірнеше учаскелерде жүзеге асырылды. Арнайы контингентті көшіру қатаң тәртіптегі колония аумағында оқу мекемесі базасында болды, онда жергілікті халық үшін эвакуациялық пункт құрылды. Авариялық-құтқару құралымдарының күштері мен құралдарының ауқымдылығы эвакуациялық пунктте жұмылдырылды. Бұл жерде азаматтық қорғаудың түрлі қызметтері мен ҚР ІІМ ТЖК өкілдері өзара әрекеттесу алгоритмін пысықтады. Шатыр қалашығында 400 орынға арналған 30 дала шатыры қойылды, оның ішінде «Апаттар медицинасы орталығы» базасындағы жылжымалы госпиталь қойылды, онда тәжірибелі мамандар жедел көмек көрсетіп қана қоймай, ота жасай алатын болды. Оқу-жаттығу барысында «Eurocopter EC145» тікұшағы жұмылдырылды, оны қозғала алмайтын және тасымалдауға болмайтын азаматтарды көшіруге пайдаланды.

         Оқу-жаттығу барысында жеке құрамы 14000 астам адамы бар мен 1700 бірлік техникасы бар 1200 құралым дайындыққа келтірілді.

         Негізгі шаралар аяқталысымен ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында ҚР ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Талғат Нұрмағамбетовтың басшылығымен орталық және жергілікт атқарушы органдардың басшыларына республикалық штаб отырысы болып өтті.

Похожее