25.02.2019
2019 жылдың 20 ақпанында сағат түскі 01.00 шамасында «102» арнасына Өскемен қаласының Мызы көшесінде тұратын зейнеткер хабарласып, бірнеше үйдің подъездерінен белгісіз тұлғаның ашық түрде 6 дана темірден жасалған пошта жәшігін ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Ертіс полиция бөлімінің жедел уәкілдері 1987 жылы туған Өскемен қаласының тұрғынын құрықтаған. Тергеу барысында күдіктінің бұрын да сотты болғаны мәлім болды. Қазіргі кезде күдікті ешқайда шықпау жөнінде қолхат беріп, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Похожее
28.03.2024 22:17
Такое заявление сделал аким ВКО Ермек...