Bilimfest: Жастарға арналған білім беру фестивалі

16.01.2019

Елбасымыз “2019 жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек”, – деген болатын.

Осыған орай 2019 жылдың 16 қаңтарында еліміздің барлық облыс орталықтарында Bilimfest фестивалімен жастар Жылына арналған республикалық іс-шаралар бастау алады. Осы күні  кітапхананың білім орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатымен бірге бірқатар қызықты іс-шаралар өткізеді.

Сағат 12.00-де фестивальға қатысушылар қаладағы танымал бизнесмен, мецанат «Жомарт-жүрек 2017» сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты, қаламыздың құрметті азаматы Сергей Викторович Коротинмен сұхбат алаңында кездеседі.

Табысты кәсіпкер Сергей Коротин жастармен кездесуге бизнес-ментор ретінде шақырылып отыр. Қонағымыз өзінің бай өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісуге дайын. Студенттер, стартаптықтар, жас кәсіпкерлер бизнес-ментордың жеткен жетістіктерінің құпиясын біліп, кеңес алады, сондай-ақ қонағымызға және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Маржан Бақытқа өздерін қызықтырған сауалдарын қояды.

15.00-де шет тілін үйреніп жүрген жастар киноклубта шетелдік қонақтар Саманта Блонд пен Карлин Синегалдың қатысуымен ағылшын тіліндегі қысқаметражды фильмдер көре алады.

Сонымен қатар бұл күні фестивальға қатысушылар қазақ даласының ұлы тұлғасы Әл-Фарабиге арналған алғашқы ғылыми-әдеби бұрыштың жұмысымен танысу  мүмкіндігіне ие болады.
Шығыстың ғұлама ғалымы, математик, философ, музыка теоретигі, Аристотельдің ізбасары Әл-Фрабиге арналған бұрыш Халықаралық адам институты (Алматы қ.) ұсынысымен, 2020 жылы "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ауқымды атап өтілетін ғалымның 1150 жылдығына байланысты республиканың барлық облыстық кітапxаналарында ашылуда.

Фестиваль ұйымдастырушылары жастарды жастар Жылы бағдарламасының іске асуына белсене араласып, ең алдымен, өз әлеуетін, жеке дамуын арттыруға, гүлденген заманауи, күшті мемлекеттің лайықты азаматтары болуға шақырады.

Похожее