26.03.2019
Адамда биттің үш түрі болады:
Биттеудің негізгі белгілері:
Биттің, бөртпесүзек, волындық қызба және соқпа сүзек сияқты аса қауіпті инфекцияны тасымалдаушы болып табылатынын ұмытпау қажет. Сондықтан, биттеудің алдын алуға қай заманда болса да ерекше көңіл бөлініп келген. Зақымданушыларды уақытында анықтау – ошақты жоюдың кепілі, зертхана базасын тартусыз қалай болса солай қарап-тексеру, бірінші кезектегі іс-шара болып табылады. Сондықтан, бұл іс СанҚж/еН сәйкес қарауға (тексерудің қорытындысы арнайы журналға жазылады) жатады:
Биттеудің алдын алу жөніндегі жоспарлы іс-шараларға мыналар кіреді:
Стационарға түскен адамдарда биттеу анықталғанда, санитарлық тазалау қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Тазалау жүргізген қызметкердің арнайы киімі мен науқастың киімдерін, клеенкілі дорбаға салып, зарарсыздандыру үшін дезинфекциялық камераға жөнелтеді.
Мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне келетін балаларда бит анықталғанда, өңдеу мамандандырылған ұйымдармен, оның ішінде дене және төсек жаймаларын камералық өңдеу жүргізіледі.
Маңдай биттері анықталған адамдарды тұрғылықты орны бойынша тері-венерологиялық диспансерге жолдайды.
Биттеудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешеніне, халықтың санитариялық мәдениетін арттыру мақсатында, гигиеналық тәрбие беру, азаматтарды оқыту және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу кіреді.
Адамдарда, іш киімдерде, киімдерде биттің болуы, отбасында, ұжымда және т.б санитариялық-гигиеналық жағдайдың қанағаттанғысыз екендігін көрсетеді.
Биттеудің алдын алудың басты жағдайы жеке гигиена ережелерін сақтау болып табылады:
Кез келген кезеңде пайда болған биттеу анықталғанда, бір мезетте адам денесіндегі, киімі, бас киімі, басқа да заттарындағы (төсек жаймалары, жастықтар т.б.), қажет болғанда үй заттарындағы да биттерді жоя отырып, дезинсекция жүргізеді. Адамдар мен олардың киімдерін және аралас биттеу кезінде өңдеуді дезинфекциялық мекеме жүргізеді.
«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК Ұйымдасқан балалар бөлімінің аға мейіргері Каирлина Лидия Николаевна
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...