Электронды сот ісін жүргізу туралы

20.04.2019

2018 жылдың шілде айынан бастап Өскемен қаласының №2 соты электронды сот ісін жүргізуге көшті.

Қылмыстық теріс қылықтар туралы, ауыр емес қылмыстар туралы істер мәні бойынша қарау үшін сотқа «электрондық» форматта «СДТБТ» АЖ мен «Төрелік» АЖ интеграциясы арқылы түседі.Тиісінше, іс бойынша сот ісін жүргізу мынадай форматта жүргізіледі: істі тіркеуден және тараптардың хабарламасынан бастап, сот актісі орындалғанға және істі мұрағатқа тапсырғанға дейін.

Өткен жылдың жалпы өндіріспен аяқталған қылмыстық істер санның ішінде  «электронды» түрде  2,5% қаралды.

Одан әрі орта ауыр және ауыр қылмыстық істер бойынша электронды сот ісін жүргізуді енгізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдан бастап Өскемен қаласының №2 соты Республикамызда  соттар арасында бірінші болып сот актілерін орындау бойынша «электронды» материалдарды қарауға көшті.

Облыстық сот және ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті арасында жасасқан меморандумы аясында ОВ-156/3 мекемесі жазасын неғұрлым жеңіл жазасына ауыстыру, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босаты туралы сотталғандардың талап-тілектерін электронды түрде «Сот кабинет» сервисі арқылы жолдайды.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында сотқа 69 осындай материал түсіп, олардың 50 қаралды.

Жақын арады Өскемен қаласының аумағында орналасқан басқа түзеу ОВ-156/2 және ОВ-156/20 мекемелерінін «электронды» материалдары сотқа  түседі деген жоспарда.

Электрондық сот өндірісінің негізгі артықшылығы қылмыстық істер мен материалдарды жедел қарау, тараптардың сот процесіне дайындығын жеңілдету болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін сот отырысының залдары арнайы техникамен жабдықталған. Сот отырысыныңм хатшысы процестің әр бір қатысушысына код жиынтығын ұсынып, ол кодты «Төрелік» АЖ енгізгеннен кейін  процесс қатысушылары бүкіл сот талқылауы барысында іс материалдарына қол жеткізе алады.

Электрондық формат сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді, материалдарды бұрмалау және құжаттарды ауыстыру тәуекелдерін болдырмайды, бюджет қаражатын үнемдейді.

Похожее