Германиядан келген қонақтар

26.09.2018

Өскеменқаласының химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Германиядағы Риза қаласында орналасқан Вернер Гейзенберг атындағы гимназиянан делегациясы қонақта.

24 қыркүйекте Өскеменге гимназияның директоры, халықаралық ынтымақтастық координаторы, химия мұғалімі және екі оқушысы келді. Сапар «Серіктес мектептер» жобасы аясында өтуде.

– Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдерімен хат алмасу 2018 жылдың қаңтарында басталды. Біз қызығушылық таныттық және шақыру алған кезде мектеп ұжымын таныстырдық. Бұл қызығушылық туғызды, сондықтан біз Қазақстанға келдік. – дейді гимназияның директоры, профессор Сильвия Мебус.

Әкімшілікпен кездесу барысында қонақтарға мектеп туралы бейне баян және презентация көрсетілді. Дөңгелек үстелде білім беру туралы сөз қозғалды. Мысалы, В.Гейзенберг атындағы гимназияда неміс тілімен қатар ағылшын, француз және латын тілдерін оқиды екен. Арнайы сыныптар математикадан терең білім алады. Жетістіктер қатарында – Австралиядағы халықаралық және Германиядағы олимпиадаларда жеңістер бар.

Қонақтар Назарбаев Зияткерлік мектебі туралы білімін мектепті  экскурсия кезінде аралап жүргенде толықтырды. 12-сынып оқушылары, сондай-ақ гимназияның президенті Антон Вайнхолд пен Пол Бьюрич мектептін заманауи ғимаратың жоғары  бағалады. Олардың мектебі 1908 жылы салынған. Тарихи бай гимназияда 467 оқушы бар.

Сосын қонақтар мектеп оқушыларымен таныстырылды. Танысу екі үлкен үзілісте өтті. Қазақстандық және шетелдік әріптестерге арналған бағдарлама бойынша танысу сабақта және үйірмелер жұмысында жалғасады. Сонымен қатар жатақханада бірге қалып көптеген мектеп жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Бірінші күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Достықүйі» - Қоғамдық келісім орталығына барылды.

Топ 27 қыркүйекке дейін мектепте болады. Осы сапардың қорытындысы бойынша тараптар STEM бірлескен жобалары мен одан әрі ынтымақтастық мәселелерін анықтайды.

Похожее