09.04.2019
2019 жылдың 5 сәуірі күні Өскемен қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Танабаев Рүстем Ерсімбекұлы кездесу өткізді. Кездесу барысында Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Даур Ибраев жеке құрамға кездесудің мәнін түсіндіріп, ұлттық бюро өкілінің келу мақсатын жеткізді. Сөз алған Рүстем Ерсімбекұлы қазіргі таңдағы қоғам дерті - сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Құқық қорғау органдарына қатысты, соның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық полиция қызметкерлері арасында белең алған жайттарға баса назар аударды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстар арнайы дайындалған бейне ролик барысында көпшілікке мәлім болды.
Жемқорлықпен күресуші органның өкілдері тек осы жолы ғана емес, тәртіп сақшыларымен бұған дейін де бірнеше рет сұқбаттас болған еді. Маңызы бар осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны белгілі.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...