06.04.2019
Әуежай шағын ауданы аумағында қызметте жүрген құрамында Өскемен қ. ПБ Жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторлары полиция лейтенанты Д.Уәлихан мен С.Бердыкпаев болған «Қыран-40» патрульдік экипажы берілген бағдар бойынша күдікті көлікті байқап қалып, жедел тоқтату шараларын ұйымдастырады. Барлық сақтық шаралары арқылы көлікті тоқтату барысында облыс орталығының 29 жасар тұрғыны қолға түседі. Тексеру барысында көлікті айдап әкетушінің бұрын да бірнеше рет сотты болғаны анықталған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 200 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Өскемен қ. ПБ Жол-патрульдік полициясы батальонының инспекторлары полиция лейтенанты Д.Уәлихан мен С.Бердыкпаевтың қырағылықтары мен сауатты қимылдары нәтижесінде ұрланған көлік өз иесіне табыс етілді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...