21.01.2019
Соңғы жылдары белгілі бір жұмыстар жүргізілгені атап өтілді: жарықдиодты жол белгілері орнатылған, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағытталған ұйымдар орналасқан жерлерге дыбыстық құрылғыларымен жаяу жүргіншілер өткелдері жайластырылған, «Инватакси» қызметі құрылды. Бұдан басқа, «Үлбі» әлеуметтік орталығы жанындағы «Әлеуметтік такси» қызметі тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге көліктік қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні 408 паспортталған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жартысынан астамы ішінара бейімдеуден өтті. Бірақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолайлы жағдайа болуы туралы әзірге айтуға ерте.
Кедергісіз орта құру мәселелерін талқылаудың қорытындылары бойынша ТҮКШ бөліміне биылғы жылы бейімдеуге жататын жолаушылар аялдамаларының және жаяу жүргіншілер өткелдерінің тізімін анықтау; мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, 2019 жылы абаттандыру және стрит-воркауттар, тренажерлар орнату үшін тұрғын үй аулаларының мекен-жайларын анықтау ұсынылды; білім беру бөліміне түзету сыныптары мен топтарын соның ішінде мемлекеттік тілде оқытумен ашу үшін бірнеше балабақшалар мен мектептерді анықтау ұсынылды. Қалалық мәслихат депутаттары кедергісіз орта құру және бейімдеу мәселелерін бақылауда ұстайтын болады.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...