Мүмкіндігі аз азаматтарға көңіл бөлу

16.09.2019

Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Өскемен қаласы ТЖБ мамандары «Жандаурен» ЖШС-не барды, онда қарт және ауыр науқас азаматтарға қызмет көрсетеді.

      Персоналмен және ондағы адамдармен өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. Эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдары мен ТЖ кезіндегі персоналдың іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, азаматтарға электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, себебі жылыту маусымы басталғаннан бастап жылытқыштарға түсетін жүктеме өрттің пайда болуына алып келеді. Адамдар түнгі уақытта болатын ұйымдарда өрт кезінде ойдағыдай эвакуациялау үшін кезекшілердің тәулік бойы болуы, қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықтың, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының болуы қажет. Сондай-ақ өртке қарсы қызметке түнгі уақытта болатын объектілердегі науқастардың саны туралы күнделікті ақпарат берілуі тиіс.       

Похожее