Назар аударыңыз! Төнген қауіп!

17.01.2019

Түнде төменгі температура және күндізгі күншуақ – қала үйлерінің дуалдарына қауіпті сүңгілердің пайда болуына әкеп соқтырады. Олар суағарлармен шатырларды сындырады. Өтіп бара жатқандарға немесе қасында тұрған автомобильдерге құлауы мүмкін. Бұл жыл сайынғы адамның өмірімен денсаулығына қауіпсіз емес талқыланатын жайттардың бірі.

        Өскемен қаласының ТЖ Басқармасы ескертеді: үйдің жанымен жүрмеңіздер, тұрақсыз ауа райы кезінде подъездердің, балкондардың маңында, түрлі шығыңқы жерлердің жанында көпшілікпен жиналмаңыздар, балалардың бесік арбаларын терезенің астына қалдырмаңыздар. Егер тіпті үйдің жанынан өту керек болса онда салбыраған мұздықтардың, сүңгілердің, қарлардың бар-жоқтығына жоғарыға қарау керек. Жолды қысқартамын деп тротуарлардың қауіпті лентамен қоршалған аймағына кірмеу керек. «Өтуге тыйым салынған!», «Қауіпті аймақ!», «Қар және сүңгі көшкіні болуы мүмкін!»: ескертпе тақтайша орындарын айналып өту керек.

       Ересектердің өздеріне кеңестерді ұстану керек, және балалармен, жасөспірімдермен әңгімелесулер өткізу керек. Егер, үйдің жанынан өтіп бара жатып жоғарыдан күмәнді шу естідіңіз бе? Тоқтамаңыз! Қарамаңыз! Бұл, қардың кұлауы немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Не істеу керек? Ең дұрысы – бұл қабырғаға сүйену.

        Құрметті жүргізушілер! Қарлы сүңгілермен мұздықтар ілініп тұрған үйлердің маңына көліктеріңізді тұрақтамаңыздар.

        Көше бойында кетіп бара жатқан кезде барынша сақ және абай болыңыздар! Басқа да жаяу жүргіншіліреге, әсіресе балаларға қауіптілік туралы ескертіңіз!
 

Өскемен қаласының ТЖ басқармасы,  шатырлардың құлауынан адамдардың қаза болуына байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, барлық меншік түріндегі ұйымдардың басшыларына, ТҮКШ бөліміне, пәтер иелері кооперативтеріне және жеке меншік секторындағы үй иелеріне жүргіншілерге қауіп төндіретін орындарды мұздықтар мен сүңгілерден, шатырларды қардан тазалауды ұйымдастыру қажеттігін ескертеді.

Көптеген қайғылы оқиғалар азаматтардың өздігінен көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын қардан және мұздықтан тазалауынан болады деп қалалық ТЖ қызметі еске алады. Ал бұл жұмыстармен тек мамандандырылған ұйымдардың осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар қызметкерлері айналысуы керек. Үйлердің шатырында жұмыстарды жүргізген кезде, және де үйлердің шатырынан қар түсу қаупі болғанда арнайы қоршау мен сүңгілердің құлау қаупі туралы тақта болуы міндетті.

Похожее