«Нұр Орда» мектебінің әкімшілігі қала әкімін бір ай бұрын айтылған ескертулерден кейін атқарылған жұмыстармен таныстырды

09.11.2018

Қала басшысы «Нұр Орда» мектебінде өткен тәжірибе алмасу мәселелері бойынша мектеп директорларының кеңесіне қатысты.

Кеңеске дейін «Нұр Орда» мектебінің директоры облыс орталығының басшысын бұрын жасалған ескертулерден кейін атқарылған жұмыстар туралы хабардар етіп, спорт алаңдарының қазіргі жағдайы мен мектеп аумағын абаттандыруға қатысты жасалған жұмыстарды баяндады. Бүгінгі күні оқу орнының әкімшілігімен барлық айтылған кемшіліктер жойылып, баскетбол қалқандары, футбол алаңына апаратын баспалдақ ретке келтіріліп, жарықтандырылды. Қала басшысы қабылданған шараларға оң баға беріп, балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру мәселесін ерекше бақылауға шақырды.

Похожее