Нәтижесінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өскеменде сумен және жылумен қамтамасыз етуге және электр қуатына тарифтер төмендетіледі.

27.12.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы халыққа Жолдауында аталған басты міндеттердің бірі – тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтердің құнын азайту болды. Аталмаған міндетті орындау үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай Өскемен қаласының әкімдігі облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің бойынша департаментімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізді.

Бағаның төмендеуіне әрбір өнім беруші тарифінің кіріс және шығыс бөлігін қайта қарау жолымен қол жеткізілді. Сондай-ақ кәсіпорындар өздерінің инвестициялық бағдарламаларына түзетулер енгізді.
Бұл туралы қала тұрғындарының қатысумыен тарифтер жөніндегі кеңес кезінде айтылды. 
- Жаңа жылдан бастап қалада табиғи монополия субъектілерінің бірқатар қызметтеріне төмендетілген тарифтер қолданылатын болады. Тұтынушы үшін бағаның төмендеуіне жылу мен электр энергиясын өндірушілермен және тікелей жеткізушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қол жеткізілді, - деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
1 қаңтардан бастап «Өскемен Водоканал» МКК сумен жабдықтау және су бұру тарифін 5%-ға төмендетеді. Осылайша, тұтынушы үшін суық су тарифі ҚҚС есебінсіз текше метр үшін 59,34 теңгені құрайды. Су бұру тарифі 58,85 теңгеге дейін төмендейді.
«Өскемен жылу желілері» АҚ алдағы жылы жылу энергиясының құны төмендейді. Жалпы үйлердегі жеке есептеу құралдарын пайдаланатын халық үшін ол ҚҚС есебінсіз гигакалория үшін 1822,82 теңгені құрайды (2,7% төмендеу). Есептеу құралынсыз халық үшін - 3621,74 теңге (3,4% төмендеу).
Өскемендегі электр энергиясының негізгі жеткізушісі - "Шығысэнерготрейд" ЖШС 1 қаңтардан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті 6,5 пайызға төмендетеді. Бір киловатт-сағаттың құны ҚҚС есебімен тұтынудың бірінші санаты бойынша 9,824 теңгені, екінші санат бойынша - 13,063 теңгені, үшінші санат бойынша - 16,328 теңгені құрайды.

Похожее