Оқушылармен онлайн режимде жұмыс жүргізілуде

22.04.2020

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Өскемендегі балалар шығармалық сарайы онлайн режимде жұмыс істеуге көшті.
 Бүгінде аталмыш саланың қызметкерлері балалармен бес бағыт бойынша қашықтықтан бағыт-бағдар беруде.
-        Біздің ұжым оқушылармен вокалдық, хореографиялық, сәндік-қолданбалы, әлеуметтік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Жоспарланған шаралардың дені онлайн режимде өтіп жатыр, - деді оқушылар шығармашылық сарайының директоры Галина Асташкина
Директордың айтуынша, балалар ұлы ақынның 175 жылдығына орай виртуалды викториналық сауалдарды шешіп, ой-өрістерін кеңейтуде. Сондай-ақ жауапты сала мамандары оқушылар мен ата-аналарға онлайн режимде психологиялық кеңес беріп жатқанын айта кеткен орынды.

Похожее