Полицейлер студенттермен кездесті

27.09.2018

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №5 оқу корпусында студенттердің тәртіп сақшыларымен кездесуі өтті. Күн тәртібінде оқушылардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген студенттерді келген қонақтармен ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Карменов және жастармен тікелей жұмыс істейтін Өскемен қ. ІІБ ювеналды полиция қызметкерлері Айжан Каримова және Гүлжан Құсайыновамен таныстырып өтті.

ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Карменовтің айтуынша осы жоғары оқу орнына еліміздің барлық өңірлерінен жасы 17-21 жас аралығындағы студенттер келеді.

 Жас ерекшеліктер критерийлеріне талдау жасау арқылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған қылмыстар құрылымының (орташа көрсеткіш) 80 пайызын 16-17 жасар балалар тобы құрайды. Балалар қылмыстарына әсер ететін факторлардың бірі экономикалық қиындықтар, халықтың негізгі бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, күнделікті материалдық және тұрмыстық жағдайдарды сақтау перспективаларын жоғалту  болып табылады.

 ЖОО әкімшілігі халықтың тыныштығын сақтауға қызмет ететін  «құқықтану» мамандығын тандаған оқушыларды жинауы кездейсоқ емес.   Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Әсіресе бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге бейімделу кезеңінде оларды сақтық шараларымен таныстыру -  тәртіп сақшыларының жастармен кездесуінің негізгі мәселесі болды.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері студенттік жастардың назарына  ұялы телефондарды ұрлау, интернет – алаяқтық  және т.б бойынша әртүрлі тақырыптарға  арнайы дайындалған   бейнероликтерді көрсетті.  Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір қылмыс түріне қылмыстық жауапкершілік шаралары да айтылды. 

 Кездесу соңында ЖОО студенттері полиция қызметкерлеріне қызықты әңгімелесу жүргізгендері үшін өз алғыстарын білдіріп, полицияға көмек көрсетіп студенттік жасақтарда жұмыс істеп жүрген белсенді жастар оқу орнындағы қоғамдық тәртіпті сақтау қауіпсіздігін насихаттау бойынша алдын алу шараларын бірлесіп жүргізетіндеріне сенім білдірді.

Похожее