ШҚО-да үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 292 белсенді топ құрылды

01.01.2021

Өңірде үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 1258 адамнан тұратын 292 белсенді топ құрылған.

2020 жылдың 10-19 желтоқсаны аралығында облыста 193 634 үгіт-насихат материалы түскен. Оның ішінде А3 форматындағы плакаттар – 49 974 дана, А4 форматтағы плакаттар – 49 974 дана, А5 форматындағы флайерлер – 62 467 дана, A6 форматындағы стикерлер – 31 219 дананы құрап отыр.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері «Есіктен есікке дейін» акциясы аясында 11 190 пәтерді, 11 477 жер үйді аралап шықты.

Өңір бойынша үгіт-насихат материалдарын тарату үшін 1 258 адамнан тұратын 292 белсенді топ құрылды. Барлық 1258 белсенді имидждік өнімдермен: күрткелермен, бас киімдермен, көп реттік маскалармен, шарфтармен және мерекелік атрибуттары бар сөмкелермен қамтамасыз етілген.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Похожее