Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек

13.09.2018

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті көрсету жүйесін жаңарту және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84 қадамын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетіндігі туралы қала халқын ақпараттандырады.

Заңмен жаңа форматтаға атаулы әлеуметтік көмекті жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің міндетті қатысуы шартымен әрбір отбасы мүшесіне күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан 50 %-дан төмен кірістері бар отбасылар үшін тағайындау қарастырылған.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге жіктеледі: шартсыз және шартты ақшалай көмек.

Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына міндетті қатысу және әлеуметтік келісім шарт жасасу жағдайында өз құрамында кем дегенде бір еңбекке жарамды мүшесі бар отбасыларға ұсынылады.

Атаулы әлеуметтік көмектік мөлшері жеке есептелінеді. Егер отбасы мүшесінің бір мүшесіне кедейлік шегінен төмен болса, айырмашылықты мемлекет атаулы әлеуметтік көмек түрінде төлейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алушылар «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не бекітілген нысанға сәйкес өтініш және келесі құжаттар ұсынады:

  1. сәйкестендіру үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
  2. бекітілген нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
  3. банк шотының нөмері туралы мәліметтер;

4) баланың туу (қайтыс болу) туралы куәлігі (барлық балаларға) – Қазақстан Республикасы аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

5) бала тууы туралы куәлігі деректерімен өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда неке қиюды (бұзу) тіркеу туралы куәлік;

6) бекітілген нысанға сәйкес оқу орынынан анықтама.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған отбасының еңбекке жарамды мүшелері қоса береді:

  1. жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеуге өтініш;
  2. еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  3. білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса).

2018 жылғы 7 айға атаулы әлеуметтік көмек 35107,0 мың теңге сомасында 1233 адам санында 301 отбасыға тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға құжаттарды қабылдау бір терезе принципінде «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы жүргізіледі (Тургенев көшесі, 303 каб, тел. 489026).

Мысал: Отбасы құрамы 7 адам (жалғыз басты ана және кәмелет жасқа толмаған 6 бала 2006, 2007, 2010, 2012, 2014, 2018 жылдары туылған). Өтініш беруші 7 жасқа дейінгі бала күтімінде. Ай сайын 4 және одан көп кәмелет жасқа толмаған балаларға – 10005 теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады, бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы – 21405 теңге, көп балалы ана жәрдемақысы («Алтын-Алқа») – 15 392 теңге. Отбасының айына жиынтық табысы 46802 теңгені құрайды, жан басына шаққандағы табысы – 6686 теңге. Кедейлік шегінің мөлшері – 14142 теңге. Айына отбасыға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері құрайды:

(14142 теңге - 6686) * 7 адам = 51192 теңге.

 

Похожее