Шығыс Қазақстан облысының аудандарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

24.01.2020

Әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – бүгінгі күннің басты талабы. Осыған бастайтын жол – жемқорлықты толығымен жою. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында ерекше мән беріп, 10 маңызды бағыттың бірін «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгілеген.

Аталған бағытқа орай қоғамдық мәселені болдырмау, алдын алу бойынша жиындар мен семинарлар, республика бойынша профилактикалық жұмыстар кең ауқымды жүргізілуде.

Ағымдағы жылдын 16-сы қаңтарында Үржар ауданына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Р. Набиев пен аса маңызды істері жөніндегі офицері Ш.Жақыпбаев келіп, ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері мен квазимемлекеттік секторының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Р.Набиев Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оны алдын алу әр қызметкердің міндеті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу аясында Агенттікпен жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, Р.Набиев өз кезегінде парасаттылық ұғымы қоғамдық мүдделердің басымдығына бағытталған қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің іргетасы ғана емес адалдық, әдептілік, заңдылық, әділдік пен тұрақтылық сияқты құндылықтарды біріктіретін ұғым екендігін атап өтті.

Сол себепті мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқан бұл профилактикалық іс-шаралар жемқорлық масштабын азайту ғана емес, мемлекеттік органдардың ашықтығын көрсетуге өз үлесін қосады. Сонымен қатар, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске қана емес, оның алғышарттарын жоюға аударылу болып табылады.

Похожее