01.04.2019
Студенттік жастардың назарларында аса ауыр және ауыр қылмыстар қаралатын ауданаралық қылмыстық соттың қызметі болды. Ашық сот процестеріне қатысу алдында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов олармен қаралатын қылмыс санаттары туралы – кісі өлтіру, зорлау, есірткі заттарының заңсыз айналымы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен байланысты аса ауыр қылмыстар туралы айтып берді, сондай-ақ олардың назарын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған қылмыстарға аударды. Заңнаманы жетілдіру бойынша заң жобалары, оның ішінде соттың кадрлық жұмысына, әсіресе үздік құқықтанушылардың судьялыққа келулері үшін жасалған жағдайлар мен мүмкіндіктерге толығырақ тоқталды.
Кездесу соңында Б.Ә.Кәсенов, 2019 жыл жастар жылы болып елімізде жарияланғаны туралы атап өтті және түлектерге өз білімдері мен дағдыларын іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалғанын айтты. Сондай-ақ, сот қызметі тек студенттерге ғана емес, барлықтарына ашық және қол жетімді екендігін білдірді.
Сот төрағасының ұсынысы жастармен қабылданды. Сот мәжілісінің тікелей тындаушылары болып, олар кісі өлтіру және есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қаралған істерге қатысты. Сот отырысы барысында болашақ құқықтанушыларға сот төрелігін іске асыру процесі жаңа техникалық жүйелерді қолдану арқылы көрсетілді.
Сот мәжілістері аяқталған соң, студенттер өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптарын алды.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...