10.09.2018
Шығыс Қазақстанда соңғы үш жыл бойы кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын, аталмыш келелі басқосуда сол орасан зор ғылыми еңбектің алғашқы нәтижелері түйінделді. Бұл маңызды жиынға Ресей, Түркия, Германия, Чехия және Франция мемлекеттерінен, сондай-ақ өз еліміздің түкпір-түкпірінен жетекші ғалымдар қатысты. Конференцияның мәртебелі меймандары арасында Ел Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Сенат депутаты, академик Ғарифолла Есім болды.
– Елбасымыздың мұрындық болуымен қолға алынып, іске асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – халқымыздың бай мәдени мұрасын сақтау және оны одан әрі дамыту. Бүгінгі конференцияда біз сол бағдарлама шеңберінде облыс аумағында жүргізілген үшжылдық археологиялық зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелерін түйіндемекпіз. Еліміздің білікті археологтары Зейнолла Самшев, Әбдеш Төлеубаев пен Карл Байпақовтың жетекшілігімен осы кезең ішінде өте үлкен іс атқарылды. Қазба жұмыстары өңіріміздің көне замандардан бері қайталанбас бірегей өркениеттің тал бесігі, Еуразия құрлығындағы ең ірі металлургиялық аймақтардың бірі болғанын айғақтап отыр, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Өңірімізде соңғы үш жыл бойы жүргізілген археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы аясында аса құнды жәдігерлер табылып, айтулы жаңалықтар ашылды. Отандық археологтардың қажырлы еңбектері арқасында облыс аумағынан мыңдаған көне заман бұйымдары аршылып алынды. Бірегей археологиялық жәдігерлер осы өңірді мекен еткен ата-балаларымыздың тұрмыс-салтынан, мәдениеті мен дүниетанымынан сыр шертеді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...