03.11.2018
Кездесу барысында құқық сақшылары студенттік жастарға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаяу жүргіншілердің тәртібіне байланысты мәселелерді атап өтті. Полиция қызметкерлері колледжде білім алушылардың назарын жолдардағы қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау қажеттілігіне және «жол тұзақтарын» алдын ала болжаудың маңызды екендігіне аударды. Жол-көлік жарақатының профилактикасы тақырыбын жалғастыра отырып, «Қызыл Жарты Ай» ҚБ өкілдері дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетудің практикалық дағдыларын назарларына ұсынды.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары студенттерге жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін насихаттайтын ақпараттары бар буклеттерін табыс етті.
Атап өту қажет, 2018 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 257 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО саны 8,5% төмендеген.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...