02.10.2018
«Қауіпсіздік мектебі» жарыстары көптеген жас тәрбиеленушілерге алғаш рет өтті. Алайда, ұлдар мен қыздар абдырап қалмады, керісінше қазылар алқасын өздерінің керемет білімдері мен спорттық—дене дайындықтарымен таңқалдырды. Әсіресе шалғайдағы ауданның балалары ерекше көзге түсті.
Командалар өздерін өмірге қажетті 5 маңызды кезеңнене өтулері кере болды. Атап айтқанда: «Кедергілер жолағы» - арқаннан жасалған аспалы көпір, жабайы табиғатта және түрлі төтенше жағдайларда қажет болатын арқандар, байлау түрлері. «Өрт сөндіру эстафетасы» - бұл жерде балалар өздерін өрт сөндіруші рөлінде көрсетті, олар жылдам жауынгерлік өрт сөндіру жеңдерн таратып, оын тарамға дәлдеп бекітіп, жылдам жауынгерлік киімді толығымен киіп, зардап шегушіні жеткізіп, сондай-ақ бранспойттан шартты нысананы атып түсіру керек болды. «Спортландияда» балалар дене күш дайындықтарымен қатар командада жұмыс істеу білулерін көрсетті. Жылдамдық, үйлестіру, ептілік – осы қасиеттердің барлығын көрсетулері қажет болды. «Алғашқы медициналық көмек көрсету» кезеңінде жас тәрбиеленушілер қазылардың алға қойған тапсырмаларын орындады. Қатысушылар қан тоқтатып, қолдан тыныс алдырып, зардап шеккенге көмек көрсетіп, жараны таңып беруі қажет болды. Дене күш дайындықтарынан басқа жарысқа қатысушылар өздерін шығармашылық жағынан Визиттік карточкада өздерін қызықты да ерекшелеп, музыкамен әсемдеп таныстырулары қажет болды.
«Қауіпсіздік мектебі» бүкіл облыстағы мыңдаған баланың басын біріктіріп және балаларға құтқару шеберлігін үйренуге мүмкіндік берді. Бұл өте керемет, себеб балалар осындай шараларға қызығушылықпен қатысады және жалғастырғылары келеді. Бұл тек қана спорт пен жарыс қана емес, сондай-ақ басына іс түскенде пайдалана білетіндей практикалық білім болып табылады» - деді ШҚО ТЖД халықты ақпараттандыру және оқыту тобының бас маманы Анастасия Скляр.
Командалардың нағыз мықты екендіктерін дәлелдейтін кезеңлер бұл кедергілер жолағы мен өрт сөндіру эстафетасы болды. Дәл осы кезеңдер ең үздіктерді анықтады.
Жарыстың жеңімпаздарына грмоталар, кубоктар мен бағалы сыйлықтар берілді. Үздік үштыңті Зайсаннан келген балалр аяқтады. Күміс жүлдегерлер Үжардан келген команда болса Көкпекті ауданынынң командасы алтынды қанжығаларына байлап кетті. Командалар жекелеген номинацияларда атап көрсетілді:
«Визиттік карточка» - Зырян ауданының балалары;
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» - Өскеменнің командасы;
«Өрт сөндіру эстафетасы» - Абай ауданының балалары ең жақсы уақытты көрсетті
«Кедергілер жолағы» Жарманың балалары алға шықты
«Спортландия» Ұлан ауданының балалары.
Қалған командалар «Қауіпсіздік мектебі» облыстық слетіне қатысқаны үшін сертификатпен атап өтілді. Алайда, олардың әрқайсысы иеленген орындарына қарамастан қауіпсіздік мәселелерінде орасан зор тәжірибе мен білімді арқалап кетті!
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...