Вирусты гепатит «А»

22.04.2019

Вирусты гепатит аурушаңдығы денсаулық сақтау жүйесінің өзекті мәселесі болып қалуда. Өскемен қаласында жіті вирусты гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағалануда.

2019 жылдың 3 айында Өскемен қаласында «А» вирусты гепатиттердің оқушылар арасында 3 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық сол деңгейде қалуда. (2018 ж- 3 жағдай)

Вирусты гепатит «А» - бауырды зақымдайтын вирустан туындайтын жіті жұқпалы аурушаңдық. Гепатитті тудыратын вирус ішек жұқпасы тобына жатады. Ол сыртқы ортаға бейім келеді. + 40 градус температурада бірнеше ай бойы сақталады. Қайнау кезінде 45 мин. кейін вирус өледі.

Ауру адам жұқпа көзі болып табылады. Сау адамға науқас адамның үлкен дәретімен, кейде кіші дәреті арқылы жұғады.

Зақымдану қалай жүреді? Вирус адам ағзасына кір қол арқылы, ластанған, жуылмаған жеміс-жидектер, көкеністер арқылы да өтеді. Суға шомылу кезінде шаруашылық қалдықтар арқылы жұғады. Вирус адам ағзасына өткеннен  кейін жасырын түрде  басталады, яғни инкубациялық кезең деп аталады. «В» вирусты гепатит кезінде инкубациялық кезең 14-35 күнге созылады. Бұдан кейін аурудың белгілері біліне бастайды: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тамаққа тәбеті болмайды, әлсіреу, құсу, жүрек айну байқалады. Науқастарда катаральді белгілер байқалады, ЖРВЖ кезіндегідей тамақ қызарады. Кіші дәреттің түсі өзгереді, қараяды, үлкен дәреттің түсі ағарады, көздің ақ қабығы және дене сарғыштанады.

Вирусты гепатит «А» - сарғыштану, яғни көздің шырышты қабығы, терінің түсі сарғыштанады. Көп жағдайда балаларда сарғыштанбай да өтетін кездері кездеседі. Екі жағдайда да бауыр зақымданады. Оң жақ қабырға асты ауырсынады, бауыр көлемі үлкейеді.

«А»  вирусты гепатиті үлкен нәжіспен сыртқа шығуы, сарғыштану кезеңінен бұрын басталады. Осы кезде вирус сыртқы ортаға, басқа адамдарға жұғу қаупі жоғары болады. Бұдан кейін сарғыштау кезеңі басталғанда, вирустың қоршаған адамдарға жұғу қаупі төмендейді. Кей жағдайларда бұл аурушаңдық сарғыштанусыз да өтеді, вирус нәжіспен сыртқы ортаға бөліне береді. Вирусты гепатиттің қай түрімен ауырса да, науқас вирус көзі болып табылады.

«А» вирусты гепатитімен аурған адамда осы вирусқа қарсы иммунитет өмір бойы сақталады.

Науқас адам сіздің жаңызда болған кезде не істеу керек?  ВГА – жұқпалы аурушаңдық болғандықтан сақтық шараларын ұстану қажет. Микробтар ыдыстар арқылы, есіктің тұтқасы, басқа да ортақ заттар арқылы жұғады. Науқас адамға дәретханаға барған сайын қолын жуу керек. Науқас адамның бөлек өз ыдысы, сүлгісі болу керек.

ВГА алдын алу шаралары қарапайым және қолжетімді.

-Тамақтанар алдында қол жуу, даладан үйге келгенде қол жуу.

-жеміс-жидектерді, көкеністерді, асқа қосатын жасыл желектерді ағып тұрған судың астына шаю және қайнаған сумен жуу.

-ауыз су ретінде тек қайнаған суды қолдану. Белгісіз сутоғандарындағы суды тамақ әзірлеуге, ішуге қолданбау.

-арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылу.

-уй жайларын тазалықта ұстау,

Қазіргі таңда ВГА сақтану жолы екпе жасау болып табылады.

Похожее