Жаппай спортты және туризмді дамыту мәселелері қаралды.

18.01.2019

Қалалық мәслихат депутаттары комиссия отырысында Өскемен қаласында спортты және туризмді дамыту мәселелерін қарастырды.

Халық қалаулылары отырыстың қорытындысы бойынша қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне, қала аумағында бұқаралық спортты дамытуды қамтамасыз ету және азаматтарды физикалық жетілдіру үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша бірқатар ұсыныстар берді, олардың ішінде аулалық спорт алаңдарын уақтылы жөндеу, балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін жандандыру, қаланың шалғай аудандарында спорттық және футбол алаңдарын салу мүмкіндігін қарастыру; колледждер және ЖОО студенттерінің спорттық секциялар мен үйірмелерге тегін немесе жеңілдікпен бару мүмкіндігін қарастыру бар.

Жергілікті туриндустрияны дамыту және қаламыздағы мәдени-ойын-сауық нысандарына бару үшін барынша көптеп туристерді тарту мақсатында депутаттар кәсіпкерлік бөліміне туристік сала сервисін жақсарту; болу логистикасын көрсете отырып тартымды бағыттарды әзірлеу; туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

Похожее