Жас жол инспекторы-2019

30.04.2019

2019 жылдың 26 мамырында Өскемен қаласындағы № 20 мектебінде жыл сайынғы «ЖЖИ-2019» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты-балалар мен жас өспірімдердің жолда жүру қауіпсіздіктерін ескерту және балаларға қатысты жол-көлік оқиғалары мәселелеріне ата-аналарының назарын аударту.

Сайысқа барлығы 21 мектеп оқушылары қатысып, 8 түрлі сынақ бойынша бақ сынады. Саптық байқау, ЖЖЕ білу, агитбригада сайысы, жас санитар, жасақтың жұмыс есебі, жас реттеуші, қауіпсіз дөңгелек секілді сайыс түрлерінен жеткіншектер өз шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушылар және Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жарыстың жоғары деңгейде өтуіне жаппай бақылау жүргізді. Тәртіп сақшылары жас инспекторлардың жолда жүру ережелері бойынша білімдерін бағалады.

Бірнеше сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды-№ 20 мектеп, екінші орынды-№ 7 мектеп, үшінші орынды № 43 мектеп оқушылары иеленді. Жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға мақтау қағаздарым, арнайы кубоктармен қатар естелік сыйлықтары табыс етілді.

Похожее