Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттілігін ескертеді

13.11.2018

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 893-бабының 2-тармағына сәйкес айыппұлды төлеу 30 күнтізбелік күн ішінде жасалуы тиіс.

Осыдан кейін жеке тұлға уәкілетті органды 10 күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті. Ол үшін төлем түбіртегінің түпнұсқасы немесе көшірмесі Тәуелсіздік даңғылы, 73/1 мекенжайы бойынша 122 кабинетке әкелінуі тиіс.

Сондай-ақ, қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 1 және 16 желтоқсан күндері мерекелік іс-шаралар барысында қаламыздың орталық көшелерінде сот қызметкерлерімен бірлесіп, жол полициясының рейдтері өткізіледі. Рейд барысында мерзімі өткен айыппұлдар мен олар бойынша шыққан сот шешімдерін тексереді. Сот шешімі болған жағдайда, иесінен автокөлік алынып, автотұраққа жіберу шаралары қабылдануы мүмкін. 
Мұндай жағдайға жол бермеу үшін автокөлік иелері төленбеген айыппұлдарын төлеп, уәкілетті органдарды хабардар етуі қажет.

Похожее