Қалалық әкімдікте бизнес өкілдерінің қатысуымен жиын өтті

10.11.2018

Кездесу барысында облыс орталығында орналасқан коммерциялық нысандарының эстетикалық көрінісі талқыланды. Өкінішке орай, қаладағы кейбір дүңгіршектердің, дүкендер мен кафелердің, көшелердің сыртқы келбеттері жалпы ережеге сай емес. Шаһар басшысы кәсіпкерлерді аталған мәселеге бей-жайлық танытпай, аса жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Қала әкімі Жақсылық Омар: Біз әрқашан бизнеске қолдау көрсетуге дайынбыз. Алдағы уақытта қала кәсіпкерлерінің өзекті мәселелерін шешуге көмек көрсетеміз. Алайда, олар қала мен қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінуі тиіс.

Облыс орталығында қала әкімдігінің бастамасымен, бизнес өкілдерін осы бағыттағы жұмыстарға белсенді тарту мақсатында, Жаңа жылдық ең үздік безендіру мен жарықтандыруға байқау жарияланды.
Байқау ережесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қорытындысы 31 желтоқсанда салтанатты түрде шығарылатын болады.

Похожее