Қауіпсіздік шараларын түсіндіреміз

20.03.2019

Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аясында Өскемен қаласының ТЖБ мамандары ШҚ ӨЭК АҚ «Өскемен АЭК» жұмысшыларымен кездесті. Кездесу төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық қағидаларын азаматтарға үйретуге арналған. Келе жатқан су тасқыны қауіпті кезеңі жағдайында көктемгі су тасуына дайындық қағидалары толықтай түсіндірілді. Мамандар, су тасқынының не екендігін, оған қалай дайындалу керектігін айтып, су басу қаупі туындаған жағдайдағы іс-қимылды жеткізді.

         Сонымен қатар қалалық ТЖ қызметінің қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың назарын «Баршаның назарына!» сигналы жарияланған жағдайда, төтенше жағдай туралы ақпаратты және іс-әрекет тәртібі туралы нұсқаулықты мұқият тыңдау, көршілерді ескертіп және сабырлық сақтау қажеттігіне аудартты.

         Қаланың су тасқыны қауіпті аймағында тұратын адамдарға, құтқарушылар өздерінің аулаларын алдын ала тәртіпке келтіруді, қолда бар материалдарды (топырақ, құм, қап) дайындауды, арықты қоқыстан тазартуды ескертті.

         Кездесудің екінші маңызды тақырыбы жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау болды. ТЖ мамандары ШҚ ӨЭК АҚ «Өскемен АЭК» қызметкерлеріне қаладағы өрт  және олардағы адамдар өлімінің жағдайын жеткізіп, жайдағы өрт кезіндегі мінез-құлық және автокөлік жанған кездегі іс-әрекет, пешпен жылытуды қолданған кездегі өрт қауіпсіздігі қағидалары жөнінде нұсқаулық өткізді.

Похожее