Қазақстандық «Бипэк» теріскейдегі көршілес елдің ең ірі Lada дилері атағына ие болды

24.08.2017

Осыған дейін, отандық компания Lada-ның тағы 6 ресми дилерлік орталықтарын сатып алғаны мәлім болған.

«Бипэк Авто – Азия Авто» питерборлық «Р–Моторс Лада» автохолдингін сатып алды, деп хабарлайды 16news.kz  ақпараттық сайты.

Ағымдағы жылдың 31 желтоқасанында автохолдинг «АЗИЯ АВТО» еншісіне өтетіндігі туралы айтылғанымен  бәтуә межесіне жоспарланған уақыттан ертерек жетіпті. «Р–Моторс Лада»-ның екі автоорталығы бар: ол Маршал Жуков даңғылы пен Выборгск шоссесінде. Айта кеткен орынды, «Р-Моторс Лада» Санкт-Петербор нарығындағы LADA –ның ең  табысты дилерлік орталықтары болып саналады. LADA  маркасын сатуда олар бүгінге дейін аймақ бойынша 32 пайыз көрсеткішті ұстап тұр.

Жалпы, Ресей автонарығы есін жинап келе жатқаны анық байқалады. Бұлай деуге әбден негіз бар. Мәселен, шілде айы сатылым көрсеткішінің қайта жанданғанын дәлелдеді. Ал, осы уақытқа дейін рубльдің әлсіздеуі бірқатар дилерлерді  нарықтан сырғытып, 300-ден астам автоорталықтардың жұмысы тоқтаған болатын.

«БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин.

«Біздің серіктестігіміз өзара сенім арқасында дамып келеді. Біз АвтоВаз үшін берік қорған сияқтымыз. Арқа сүйер әріптесіміз. Бұл, әлбетте, біздің отандық, «Азия-Авто»-ның ең мықты топ-менеджерлерінің белсенді, сапалы жұмысының нәтижесі»,— дейді «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин.

Осыған дейін, отандық компания Lada-ның тағы 6 ресми дилерлік орталықтарын сатып алғаны мәлім болған. Атап айтқанда, Новосібір, Новокузнецк, Омск, Барнауыл, Шадринск және Челябі қалаларында орналасқан орталықтар енді «Бипэк» еншісінде. Аталмыш орталықтардың тірлігіне жаңа дем беруге 586 миллион рубль жұмсалған. Сондай-ақ, Түмендегі үш, Тоболда үшеу, Ішім және Кемеров қалалаларындағы орталықтар «Бипэк» -тің иелігіне өтті. Ал, Солтүстік Пальмир мен Кургандағы тағы бір орталықты сатып алу жоспарда тұр. 

Фото: Kommersant.ru

Похожее