Ұлы Даланың жеті қыры

07.03.2019

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында әдеби – музыкалық кеш ұйымдастырып өткізді.

2018 жылы қараша айының соңында жарық көрген Елбасының мақаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнар Кеңесбекқызы Ахметкалиеваға осы аттас кештің сценраийін жазуға ықпал етті. Сценраийге өлеңдер, әндер, билер және театрландырылған қойылымдар енгізілді. Оқушылар сомдаған бейнелер, фильмдерден үзінділер, презентациялар да халық басынан өткізген тарихи кезеңдерді көрсетті. Бір сағат уақыт аралығында кешті ұйымдастырушылар көрермендер алдында өз туған жерлеріне, ұлы адамдары мен батырларына деген шексіз ризашылық, мақтаныш сезімдерін көрсете алды. Кешке қатысушылар қойылым барысындағы көрермендердің қолдауы мен көтеріңкі көңіл – күйін сезінгендіктерін және бұл оларды жігерлендіре түскенін атап өтті.  

– Іс – шара барысында көрсетілгендердің барлығы балалардың естерінде сақталып, жүректерінен орын алады деп ойлаймын. Біз оқушыларға ұлттық кодымыздың мәнін түсіндіріп, қазақ халқының жан - дүниесін ашып  көрсетіп, негізгі құндылықтарымызды бойларына сіңіре білуіміз керек. Егер біз бұл білімді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе алсақ, Қазақстанның болашағына алаңдамауымызға болады, - дейді іс – шара ұйымдастырушысы Гүлнар Ахметкалиева. 

Похожее