07.09.2018
Бұл мейрамның Өскеменмен тағдыр тоғыстырған әрбір жан үшін айрықша екені сөзсіз. Себебі, Отандық металлургиянының жүрегі болып саналатын әсем қаламыздың кез-келген адамды баурап алатын ерекшелігі бар.
Өскемен – бірегей тарихымен, рухани және мәдени дәстүрімен, экономикалық және ғылыми әлеуетімен ерекшеленетін қала. Осындай шаһарымыздың күннен күнге ажарланып, қарыштап дами түсуі – әр өскемендіктің қажырлы еңбегінің жемісі.
Бүгінгі күні облыс орталығының экономикасы дамып, жаңа өндіріс орындары, тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, емханалар мен спорт нысандары көптеп салынуда. Мұның барлығы тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қаланы гүлдендіру үшін атқарылып жатқан жұмыстар. Бірлігіміз бекем болса, алар асуларымыздың мол болары сөзсіз.
Құрметті жерлестер! Мерейлі мерекенің қарсаңында сіздерге зор денсаулық, табысты еңбек тілеймін! Әрбір жанұя қуанышқа кенеліп, бақытты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қала күні құтты болсын! Болашаққа ұмтылған Өскемен өркендеп өрлей берсін!
Құрметпен,
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...