Құрметті жерлестер!

10.11.2018

2018 жылғы 15 наурызда Республикамызда 8-12 жас аралығындағы музыкалық және шығармашылық дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, қабілеттерін дамытуға көмек көрсету мақсатында «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының кезекті маусымы басталды.

Байқау «Жандану әлемі» ЖҚ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылуда. 

Биылғы жылы байқаудың іріктеу кезеңіне барлық облыстардан 3000-нан астам өтінім келіп түсті. 
«Финалист «Бала дауысы-2018» атағының біріне біздің жерлесіміз, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тумасы, №45 бейіндік мектебінің оқушысы Ахметкалиев Мәулен ие болды.
Ағымдағы жылғы 17 қараша мен 1 желтоқсан аралығында аптаның демалыс күндері (сенбі, жексенбі) КТК телеарнасынан байқаудың концерттік бағдарламалары көрсетіліп, 8 желтоқсанға дейін notka.kz сайтында дауыс беру жүргізіледі. 
Барлықтарыңызды жерлесіміз Мәулен Ахметқалиевті интернет-дауыс беру арқылы қолдауға шақырамыз. Мәулен жеңіске лайық және біздің қолдауымызды қажет етеді! Алға Маулен! Біз сенімен біргеміз! 
Байқау туралы ақпаратты @baladauysy бетінде, сондай-ақ Маулен @maulen_opera жеке парақшасынан көре аласыздар.

Похожее