Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде денсаулық күні үлкен мерекеге айналды.

09.09.2018

Әртүрлі эстафеталар оларға белсенді өмір салтын пайдасын көрсетті.

Мерекенің ашылу салтанаты оқушылардың керемет стадион және спорттық жағынан дамуына жол ашқан мүмкіндіктерге алғысын білдірді.

Барлық ұжым алдында алдында: футболшылар, волейболшылар, баскетболшылар, шаңғышылар, жеңіл атлетшілер, «Тоғызқұмалақ» командалары салтанатты түрде өтті. Қатысушыларға мерекенін үлкен бағдарламасы туралы айтылды, көптеген стансалар туралы баяндалды, онда оқушылар төзімділік, тапқырлық пен талғампаздықты көрсету керек.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер Күлихан Орманның өткізген жаппай жаттығуы жақсы ысыну болды.

Барлық спорт алаңдары толды. Командалар футбол, волейбол, теннис ойнады, тренажермен жаттықты, велосипедтер теуіп, роликті конькимен сырғанады. Жақын жерде спорттық ойын ұйымдастырылды, оның қатысушылар барлық 12 станциядан өтулері керек болды. Барлығы ұзындыққа секіріп, шайқалып тұрған таяқтардын арасында өтіп, турникте көтеріле алды. Әскери дайындық жаттығуларын көрсетіп, әскери киіммен «туннель» арқылы өтулері керек болды.  Бұдан басқа, командалық үйлесімділікті көрсету керек болды: қатысушылардың арасында шарлармен қашықтықтан өту, жігіттерді обручпен тез жинау ... Алғашқы медициналық көмек станциясы жақын жерде жұмыс істеді. Мектептің медицина қызметкерлерінің көмегімен барлық қатысушылар сынған сүейкке шина салуға үйренді.  

Пайдалы және өнімді күн белсенді өмір салтын ұстануға, физикалық жетілдіруге, денсаулығына көп көңіл бөлуге көніл аударды.

- Денсаулық күні - балалардың физикалық, спорттық дағдыларын дамытуға тырысатын күні. Оқумен салыстырғанда бұл екінші орында емес. Спортпен айналысу керек немесе кем дегенде жаттығулар жасау керек, - дейді Асқар Жанұзақұлы 8 «С» сынып оқушысы.

- «Денсаулық күні» маған өте ұнады, оны жиі өткізу керек. Бұл сыныпта түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсетуге көмектеседі, - дейді класстасы Кантемир Кулаев.

Похожее