06.10.2018
Мұғалімдер үшін ерекше болып саналатын бұл күнде сабақтар кестеге және алдын-ала жоспарланған тақырыптарға сәйкес өткізілді. Алайда, бұл күні ұстаздардың орнына жоғары сынып оқушылары келді.
Ал мұғалімдер болса, бұл кезде психологиялық тренингке қатысып, хореография залында заманауи би билеп, тренажерға барды. Сонымен қатар, мектеп ұстаздары облыстың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлерімен кездесіп, артериалды гипертонияның алдын алу мәселелері бойынша пайдалы кеңестер алды. Сондай-ақ, ұстаздар арасындағы «Reading Man»ойыны өте қызықты болды. Бұл ойындағы сұрақтар да оңай болған жоқ: олар әдебиетті ғана емес, басқа да пәндерден жоғары білімді қажет етті.
Жеңіл атлетика бойынша ұйымдастырылған спартакиада да өз кезегінде ұстаздарымызға жоғары көңіл-күй сыйлады. Әдістемелік бірлестіктердің өкілдері жүгіру, арқан тарту, рычагта тартылудан жарысты. Бұнымен қатар, осы уақытта шахматтан жарыс өтіп жатты.
Мұғалімдер үшін ерекше күн концерттік бағдарламамен аяқталды. Мектабіміздің оқушылары өздерінің сүйікті әндерін орындап, билерімен қуанта білді. Балалардың дауыс беру нәтижелері бойынша номинациялар бойынша үздік оқытушыларға кәдесыйлар сыйға тартылды.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...