Өскемен әкімі #НарруНаурыз челленджін жариялады

16.03.2019

Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында тікелей эфир кезінде Жақсылық Омар қайырымдылық көмек көрсету және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында челленджке бастама берді.

Қала әкімі көп балалы отбасынан шыққан 16 жасар Ануар Қадыровтың  хатын оқып берді. Жасөспірім өзіне және ағалары мен әпкесіне Наурыз мейрамы қарсаңында компьютер сыйға тартуын сұрады.

Жақсылық Омар баланың хатына жауап ретінде әріптестерімен бірге ноутбук сыйлап, #НарруНаурыз челленджін жариялауды шешкенін айтты.

"Қаланың барлық кәсіпкерлерін, ізгі жүректі адамдарды челленджге белсенді қатысуға және игі істер жасауға шақырамын. Наурыз-жақсылық пен жасампаздықтың мерекесі",-деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі.

Похожее