Өскеменде «Ақ Жол» партиясы өкілдері мен прокуратура қызметкерлері бейбітшілік символы шырша ағаштарын отырғызды

07.05.2017

Мерекелік жиынға жеңісті ұрпаққа аманат еткен ҰОС және тыл ардагерлері де қатысты.

Ұлы Жеңіске 72 жыл толу қарсаңында «Ақ Жол» партиясы өкілдері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің заң факультеті студенттері, кафедра жетекшісі Қуат Рахимбердин, сондай-ақ, облыстық прокуратура қызметкерлері «Уақыт пен тағдырды байланыстырған сабақ» атты шараны ұйымдастырды. Мерекелік жиынға  жеңісті  ұрпаққа аманат еткен ҰОС және тыл ардагерлері де қатысты, деп хабарлайды 16news.kz сайты.

Шараға жиналғандар облыстық прокуратура ауласындағы «тағзым» алаңына гүл шоқтарын қойып, қан-майданға аттанған жауынгерлердің рухын бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні – жаудың жеңіліп, соғыстың аяқталған күні!Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет болары сөзсіз», — деп атап өтті өз сөзінде ШҚО «Ақ Жол» ҚДП басшысы Талғат Құрманғалиев.

Бұдан кейін, жастар мен майдангерлер, ақжолдықтар мен прокурорлар бірлесіп шырша көшеттерін отырғызды. 

Фото:ШҚО«Ақ Жол» ҚДП баспасөз-қызметі ұсынған

Похожее