Өскеменде Наурыз мерекесіне орай нысандар мен қасбеттерді үздік безендіру таңдалады

17.03.2019

Ұлттық нақыштағы ең үздік тақырыптық безендіру байқауы қала әкімдігімен ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарды таңдау кезінде комиссия дизайн, тәсілдің креативтілігі және ұлттық дәстүрлерге сәйкестігі сияқты параметрлерді ескереді.

Жеңімпаз нысандардың иелері естелік сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау 22 наурызда қаланың орталық алаңында Наурыз Мейрамы аясында өтеді.
________________________
Қатысу сұрақтары бойынша: 8/7232/24-82-67. Нысандардың суретін akimatyk@gmail.com мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз

 

Похожее