Өскеменде бірыңғай серверлік бейнебақылаудың орталығы құрылуда

13.11.2018

Бүгін әкімдіктің аппараттық жиналысында «Көркем Телеком» ЖШС филиалының аймақтық жобалық менеджері Хайдар Кайсаров қала әкіміне жауап берді.

Компания облыс орталығында бірыңғай бейнебақылау жүйесін әзірлеп жатыр. Жұмыстың қорытындысы бойынша жүйе 4000 жуық интеграцияланған камераны біріктіруі кажет. 

Қазіргі таңда қала бойынша құрылатын бейнебақылау камераларға арналған алаңдар анықталып, оны орнату үшін монтаждық персоналға іріктеу жүргізілуде. Сонымен қатар, бір серверлік орталық жабдықталғанан кейін, желтоқсан айында бейнекамералар құрылатын болады.

Похожее