Өскеменде «Үлгілі аула» байқауы жарияланды

02.10.2018

Туған қаламызды біз көркейтпегенде кім көркейтеді! Өскемен қаласы әкімдігі кондоминиум басқармалары арасында (жеке меншік пәтер иелері кооперативтері)жалпықалалық «Үлгілі аула» байқауын жариялағаны туралы хабарлайды.
 
Шахардың келбетін одан сұлу, таза, аулаларының жинақы болуын насихаттайтын аталмыш байқауға өтініштер әрбір өзін-өзі басқару комитеттерінде 19-шы қазанға дейін қабылданады. Байқаудың шарттарымен Өскемен қаласы әкімінің ресми сайтында oskemen.vko.gov.kz/ru/ танысуға болады. Комиссия мүшелері бірнеше номинация бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарды 25-ші қазанға дейін анықтайтын болады. Басты шарттарға қысқаша тоқтала кетсек, бұл: аула аумағының санитарлық жағда йы, көгалдандырылуы, абаттандырылуы.
Барлық кондоминумдер мен жеке пәтерлер кооперативтерін аталмыш байқауға атсалыса қатысуға шақырамызІ Жеңімпаздар құнды сыйлықтар мен жүлделермен марапатталады.

Похожее