28.03.2017
Облыс орталығындағы базарлардың бірінде намазхана ашып, оны тіркемеген басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, деп хабарлайды 16news.kz сайты.
200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жұмысы үш айға тоқтатылды.
Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов мәлімдеді.
Аймақтағы діни жайтқа тоқталып өткен басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда жағдай бірқалыпты. Басқарма құзырлы органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік желілермен жұмысты күшейткен.
«Өткен жылы ғаламтор желісінде жүргізілген мониторинг барысында 848 дереккөздің ішінен, оның ішінде экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 370 бейнероликтер мен 120 интернет портал анықталды. Жастардың санасын мұндай қауіптен сақтау мақсатында ғаламтордағы дереккөздерді бұғаттау жұмысымен айналысудамыз», – деді Бейбіт Әшімов.
Айта кетсек, ШҚО-да 201 мешіт, 39 православ, 60 протестанттық, 6 католиктік шіркеу, криншаиттік және иудей діни бірлестіктері жұмыс жасауда.
Фото:www.islamsng.com
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...