Өскеменде оқушылардан құралған «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы ашылды.

25.01.2019

Осыған орай, ҚР Ұлттық Ұланы әскери бөлімдері мен облыс орталығындағы №4 жалпы орта білім беретін мектеп базасы негізінде құрылған жасаққа әскери қызметкерлер салтанатты түрде әскери туды табыс етті.

  Пилоттық жасақ ретінде №4 мектептің таңдалып алынуы жайдан-жай емес. Мұнда 1996 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы кадет корпусы ашылған еді. Енді міне, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мұнда «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубы құрылды. Оған мектептің 30-дан астам оқушысы мүше болды. Өскемендегі 5518 әскери бөлімі негізіндегі жасақ қамқорлығына алынған өрендер енді олардың көмегімен әскери өмірге машықтанады.  
-  Биыл міне, әскерилер бізді өзінің қоластына алып, әскери-патриоттық сезімді қалыптастыру жөніндегі бірлескен жоспар аясында ерлерге қажетті дағдыларды үйрететін болады. Әскери бөлім негізіндегі өздерінің «Жас Бүркіт» атты жасақ мүшелері біздің мектепке келіп, балалармен бірге қажетті шаралар өткізеді-дейді №4 мектеп директоры Ольга Зюзь. 
Айта кетейік, клубқа ұлдар ғана емес, қыз балалар да мүше болды. Олар үшін әскерилер арнайы өткізетін шараларын да жопарлап қойған.                                                                                          -Біздер бастапқы кезде қысқы уақытта өзіміздің әскери бөлімдерде спортзал бар, сол спортзалдарда осы балаларға бірінші өздеріне керек деген қоян-қолтық ұрыстарының жеңіл ережелерін үйретеміз. Сондай бастапқы кезде. Жазғы уақыттарда полигондар бар, ата-аналармен келісе отырып, осы полигондарға шығамыз.-дейді  ҚР Ұлттық Ұлан Шығыс өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Ниязтай Әлкешев.                                                                                                                                         «Жас Бүркіт» спорттық әскери-патриоттық клубтар еліміздің барлық жалпы орта білім беретін мектептерінде ашылып келеді. Бүгінгі ашылған клуб Өскеменде әзірге біріншісі ғана. Полковниктің айтуынша, жыл соңына дейін  Ұлттық Ұлан Шығыс өңірлік қолбасшылығы тағы осындай 15 клуб ашуға қауқарлы.
 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
Баспасөз қызметі

Похожее