Өскеменде сот актілерін орындау бойынша соттармен шешілген мәселелер талқыланды

11.09.2019

Дөңгелек үстел отырысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Н.Жумагулова, Өскемен қаласының №2 сотының м.а. Т.Жұмагелдин, ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің қызметкерлері, ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының және облыс түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы қатысты.

Қатысушылармен Қазақстан Республикасы іс жүргізу кодексінің 476-бабының тәртібімен соттың қарауына жататын сұрақтарды шешу; сот үкімдерін орындау кезінде, тергеу-қамауындағы және сотталғандарды құжаттандыру  кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде Өскемен қаласының №2 сотымен үкімдерді орындау тәртібімен 999 материал қаралып, оның 606 бас бостандығынаң айыру мекемесінде отырған сотталғандардың өтініштері бейнеконференция байланысы арқылы қаралып, 61,0% құрады.

Ағымдағы жылдың басынан жасалған меморандум шеңберінде Өскемен аумағында орналасқан мекемелер ОВ 156/3, ОВ 156/2, ОВ 156/20 сотталғандардың өтініштерін электронды түрде жолдайды. Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде сотпен  282 «Электронды материалдар» қаралды –деп өз баяндамасында Т. Жұмагелдин атап өтті.

Судьялар  жазаны орындайтын органдарға өтініштерді дайындау және оларды сотқа жолдау кезінде қылмыстық, қылмыстық-іс-жүргізу және қылмыстық атқару заңнамаларының талаптарын сақтауға, сот отырысы барысында  ҚАЖД өкілдерінің сөйлеу сөздерін сапасын арттыруға көңіл бөлді.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер бойынша бірлескен ұсыныстар дайындалды.

Похожее