Өскемендік полицейлер дүкен жасалған қарақшылық шабуылды ашты

20.01.2019

Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне облыс орталығындағы дүкендердің бірінің сатушысынан хабарлама түскен. Әйелдің айтуынша, орта жастағы ер адам дүкенде пышақпен қорқытып, кассадан 80 мың теңге алып кеткен.

Оқиға орнына дереу тергеу-жедел тобы шығып, жәбірленушінің айтуы бойынша күдіктінің келбетін жобалайды. Дүкендегі бейне бақылау камерасы істен шыққан. Қылмыскердің қай бағытқа кеткенін білген соң, тәртіп сақшылары сыртқы бақылау камералар таспасын қарау арқылы күдіктінің қылмыстан кейінгі әрекетін анықтайды. 

Қылмыстың жайы және күдіктінің келбеті анықталған соң, полицейлер қарақшының кім екенін табу үшін кешенді жедел-тергеу шараларын жүргізді. Тынымсыз атқарылған жұмыс бірнеше күннен кейін нәтижесін көрсетті. 

Жедел-тергеу шаралары барысында Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы азаматты құрықтап, кінәсі толықтай мойындалды. Өзінің танысымен спиртті ішімдік ішкен ер адам ары қарай «мерекесін» жалғастыруға қаражат табу үшін осындай әрекетке барғанын айтады. 

Күдікті Өскемен қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. 

 

Похожее