Өскемендік полицейлер сенбілік өткізді

09.04.2019

Сенбілік - бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. 2019 жылдың 6 сәуірінде, яғни сенбі күні Өскемен қаласы Полиция басқармасының ұжымы жаппай сенбілікке шықты.

 Ауа райының жауынды болған қолайсыздығына қарамастан тәртіп сақшылары басқарманың ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар жуып-шаю, әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, ағаштың түбін қопсыту, гүл отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды.

-Сенбілік-тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу Өскемен қалалық полицейлердің назарынан тыс қалған емес. Жыл сайын ұжым болып сенбілікке ат салысып тұрамыз,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасы кадр бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қарлығаш Қыстаубаева.

Шынымен де, көрікті қаламыздың келбеті тек сәнді де сәулетті ғимараттармен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейтіні белгілі. Күн сайын көркейіп келе жатқан қаланың ажары оның тазалығына да тікелей байланысты.

 

Похожее