Құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін семинар өткізілді

14.03.2019

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Екатерина Белавина, «Альтернатива» медиация және құқық орталығының директоры Аксана Каленова тергеушілер және анықтаушылар Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлеріне семинар өткізді.

Семинар сот, медиация орталықтары және құқық қорғау органдары арасында жасалған сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында медиатівтік рәсімдерді қолдану туралы Меморандум шеңберінде өткізілді.

         Семинар барысында Е. Белавина ҮПБ қызметкерлеріне тараптарға медиаторлар қызметін қолдануды қандай жағдайда ұсыну қажеттігі, медиация рәсімі жәбірленушімен өзара қарым-қатынас үдерісін жеңілдетуге қалай көмектеседі және қылмыстық істі қозғау кезеңінде медиаторды неге тарту қажет екендігі туралы айтып берді.

А.Каленова  медиацияның бітімгершілік рәсімдерінен айырмашылығы бар екендігін және қылмыстық істерді сотқа дейін қарау кезінде тараптар арасында туындайтын дауды шешу кезінде оның артықшылықтары неде екенін түсіндірді.

         Семинар соңында пікір алмасып, тергеу органдарының жұмысына сотқа дейінгі медиацияны қолдану бойынша ұсыныстар енгізілді.

Похожее