Қылмыстық процестегі өзекті мәселелер талқыланды

04.10.2018

Өскемен қаласының №2 сотының судьялары С.Бекишева және Т.Жұмагелдин қалалық прокуратура, ішкі істер басқармасының, полиция бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

         С.Бекишева өзінің баяндамасында прокурорға қайтарылған істердің санымен және қайтаруға жіберліген істердің себептеріне тоқталып, жіберілген қателіктерді атап өтті. Сонымен қатар, алдын ала тергеу барысындағы қылмыстық істер бойынша орын алған кемшіліктер айтылды.

         Судья Т. Жұмагелдин алдын ала тергеу кезіндегі қылмыстық істердін қолданысқа еңгізілу тәртібін, тіркелуін, автоматты түрде бөлінуін және де қылмыстық істердің сотта электронды түрде  қаралуын түсіндіріп өтті.

Бүгінгі күнге сотпен 15 «электронды» қылмыстық іс қаралды.

Шараны аяқтай келе, қатысушылармен қылмыстық-процессуалдық заңнаманның қолданулуы  бойынша сұрақтар талқыланды.

Похожее