29.09.2019
Сотқа дейінгі және сот сатыларынан басқа, медиация сот үкімдерін орындауға байланысты мәселерді де шешеді.
2017 жылы үкімді орындау тәртібімен тек 1 материал бойынша медиация қолданылса, 2018 жылы -2, ағымдағы жылы 4 материал бойынша медиативтік келісім жасалды.
Олардың бірі туралы төменде айтамыз.
Өскемен қаласының №2 сотына ауыр қылмыс жасаған, 15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған А. шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішпен жүгінді.
А. мен осы үкіммен сотталған Б.-дан ортақ тәртіппен жәбірленушілердін пайдасына жалпы сомасы 918 640 теңге материалдық залал өндірілді.
Мекеме ұсынған қаржылық анықтамасына сәйкес, сотталған А.-мен жәбірленушінің біріне сот үкімімен өндірілген талап-арыз 55 000 теңге сомасы толық көлемде өндірілген.
Іс-шараға «Альтернатива» медиация орталығының медиаторы А. Каленова қатысты. Ол тараптарға өзара тиімді келісуге келуге көмектесіп, жасалған шарт бойынша сотталған Б.-мен қалған жәбірленушілерге 863 640 теңге төленіп, ал сотталған А. кері тәртіпте сотталған Б-ға ай сайын 30 000 теңгеден, яғни 400 000 теңге төлеуге міндеттелді.
Сот, сотталғанның заңда белгіленген 3/2 мерзімін өтегенің, көтермелеу шараларының болуын, залалды өтеп, келісімге қол жеткізгенін, жәбірленушілердің пікірін ескеріп, өтінішін қанағаттандырып, А.-ны өтелмеген 3 жыл 7 ай 23 күн бас бостандығын айыру жазасынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.
Осылайша, сот төрелігін қалпына келтіру міндеттері орындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Похожее
21.05.2024 19:39
Получается, что землю уже раздали для...
21.05.2024 19:35
...
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...