«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық тасымалдамақ болған азамат ұсталды.

23.03.2019

Аға лейтенант Қанат Қажанов және лейтенант Дидар Кунапиянов құрамында болған ШҚО ПД Жол-патрульдік полициясы батальоны экипажы Алматы-Өскемен тас жолының 9 шақырымында «Лада Приора» көлігін тоқтатып, «Құқықтық тәртіп» Жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша тексеру барысында заңсыз тасымалданған 7 мөшек балықты тәркіледі.

Заң бұзушыны және заңсыз ұсталған балықтарды бірден Ұлан аудандық полиция бөліміне жеткізеді.

-  Жалпы 96 келі балық тәркіленді. Келтірілген залал әр келі балық үшін 1010 тг құрайды. Балықты заңсыз тасымалдаған азаматқа 10 АЕК айыппұл салынды және іс балық инспекциясына жолданды, - деп атап өтті Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Жасулан Касенов.

Похожее