ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан заңнамасының жетілдірілуіне арналған дөңгелек үстел өткізді

07.12.2018

23 қарашада ҚР Әділет министрлігі, «Филип Моррис Интернэшнл» және «Эрнст энд Янг» компанияларымен бірлесе отыра «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру» дөңгелек үстелін өткізген болатын. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің инвестициялық саясатын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тобының жұмыс жоспары аясында өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына қаржы мен ұлттық экономика министрліктерінің, Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін бірқатар жетекші шетел компанияларының өкілдері қатысты.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 20 маусымдағы Заңымен енгізілген зияткерлік меншікті сақтау және қорғау саласында енгізілген соңғы түзетулерді жан-жақты талқылады. Талқылауға қатысушылар – бизнес, министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері – зияткерлік меншік құқықтары саласындағы реттеудің одан әрі даму болашағына қатысты өз көзқарастарымен алмасып, құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылады.

         2018 жылдың 20 маусымындағы түзетулерді қабылдау нәтижесінде реттеудегі келесі жағымды өзгерістерге қол жеткізілгенін еске сала кеткен жөн:

  • Тауар белгісін тіркеу жүйесі оңтайландырылды;
  • Тауар белгісін алу өтінім сараптамасын өткізу мерзімі қысқартылды;
  • Құқықты табыстауды тіркеу мерзімі қысқартылды;
  • Тауар белгілерін қорғауға арналған тиімді құқықтық жағдайлар қалыптастырылды;
  • «Контрафактілік тауар мен оның қаптамасы» термині айқын анықталды;
  • Тауар белгісі иесінің залалдарын өтеудің қосымша шарасы ретінде орнын толтыру тетігі енгізілді.

         Дөңгелек үстел барысында сарапшылар енгізілген түзетулерге және нәтижесінде қол жеткізген өзгерістерге баға берді. Қол жеткізген жақсартулардың жан-жақты талдауы жасалынды. Қолданыстағы зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігі аталып көрсетілді.

         Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы қазіргі кездегі құқық қолдану тәжірибесін толығымен ашып көрсететін таныстырылымы ұсынылды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері зияткерлік құқықтарды қорғаудың нақты аспектілері бойынша шетелдік компаниялардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде, шетелдік компаниялардың өкілдері өздерінің зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарымен таныстырды

         Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша іс-шараға қатысушылар спикерлердің ұсыныстарын назарға алды. ҚР Әділет министрлігінің өкілі бүгінгі күні зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері пысықталып жатқанын атап көрсетті.

Похожее