ШҚО прокуратурасы мемлекеттік ресурстардан бидай ұрлығы бойынша істі сотқа жолдады

16.10.2019

Арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері мемлекеттік ресурстардан бидай ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

        Арнайы прокурорлардың мәліметтері бойынша «Азық-түлік келісімшарт компаниясы»  Ұлттық компания» Акционерлік Қоғамы  «Шығыс-Астық БҚК» ЖШС-мен 2017 жылдың желтоқсанында бидайды сақтауға келісімшарт жасаған. Азық-түлік өнімдерінің ұрлығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанынан дейін жалғасқан.

Бидайдың жетіспеушілігі а.ж. наурызында жедел ақпарат арқылы анықталды. Бидай қабылдау кәсіпорнының Семей қаласында және Бородулиха ауданының Ауыл станциясында орналасқан қоймаларында полиция және прокуратура қызметкерлері қарау жүргізген. 

         Бидай, күнбағыс, қара құмық қоймалардан шығарылып, үшінші тұлғаларға сатылған. Ұрланған өнімдерді жасыру  үшін  ЖШС басшысының нұсқауымен қоймаларда шөп үйінділерінен, қар мен қалдықтардан муляж жасалып, сыртына бидай себілген. Осы қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бағасы 1,4 млрд.теңге құрайтын 17 мың тонна азық-түлік өнімдері ұрланды.

А.ж. 10 қазанында  «Шығыс-Астық НҚК» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ол өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемдену (ысырап ету)  бойынша айыпталады. Оған мүлкін тәркілеумен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Похожее